Қызылордалық атлет Ислам Сәлімовтің мақсаты - Олимп шыңын бағындыру
Ислам бала кезінде көру қабілеті төмендеп, ІІ топтағы мүгедек атанды. Бірақ, қайсар мінезді жігіт 14 жасынан бастап спортқа ден қойды.
Жоғары оқу орнын дене шынықтыру мамандығы бойынша тәмамдап, өмірін жеңіл атлетикаға арнады. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленді.
Лондонда өткен паралимпиалық ойындарға қатысып, 9-шы орыннан көрінді. Ал, биыл Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен «Гран-При» жарысында 400 метр қашықтыққа жүгіруден чемпион атанды.
Исламның ендігі мақсаты - екі жылдан соң Бразилияда өтетін Паралимпиадада жеңіс шыңын бағындыру.
Ислам Сәлімов, жеңіл атлетші:
Мақсатым - Олимпиадаға қатысып, Қазақстанның атын шығару.
Ал, Атырау қаласында мүгедектерге арналған дене шынықтыру және сауықтыру кешені жұмыс істейді. Қазір бұл жерде 400-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан спортпен шұғылданады. Аз ғана уақыттың ішінде орталықтан 10-ға жуық спорт шебері шықты.
Кешенде садақ, мылтық ату, үстел теннисі, суда жүзу, волейбол секілді 10-ға жуық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік бар.
Спортшылар мұнда әкімдіктің бөлген көліктерімен тегін жүреді. Орталықтағы арнайы жаттықтырушылар спортқа баулу арқылы олардың оңалуына да септігін тигізеді.
Эльмира Балманова, үстел теннисінен спорт шебері:
Бірінші жылы арбада отырып ойнадым. Екі жылдан бері тұрып ойнап жүрмін. Кореяда Әлем чемпионаты өтеді. Соған дайындық үстіндеміз. Мұнда жағдайымыз жасалған. Ракеткамыз, үстеліміз, бәрі бар.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16