Ақмолалық әскери тұтқындар туралы ғылыми монография жарық көрді
Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттарына тарихи ақтаңдақтар туралы жазылған монографиялық ғылыми еңбек таныстырылды. Игі шара «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы аясында жүзеге асты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» еңбегінде жасампаз ұлт ретінде ақиқат пен аңыздың ара-жігін ажыратуымыз керек деді. Осы ретте тарихшы ғалым Аманай Сейітқасымов «Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі ақмолалық әскери тұтқындар тағдыры» атты монографиясында тарихтың бірқатар көлеңкеде қалған тұстарын зерделеген. Статистикалық мәліметтер бойынша, екінші дүниежүзілік соғыста 39 мыңнан астам ақмолалық немістердің әскери тұтқынында болған. Ғылыми еңбекте олардың қилы тағдыры ірі шайқастар, майдан шебі мен әскери операциялар арқылы баяндалады. Сөйтіп соғыс тарихымен ұштасқан тағдырлар бүгінгі ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісі ретінде паш етіледі.
Аманай Сейітқасымов, тарихшы, ғалым:
Олар әр түрлі жағдайлармен тұтқынға түскен. Мысалы, әскери басшылықтың қателігінен, оқ-дәрінің жетіспеушілігінен қоршауға түскен. Әсіресе соғыстың бас кезінде. Бұл тақырып енді көп жылдар бойы жабық болды. Не болмаса ақиқатын шындығын айтуға тыйым салынды. Сондай идеология болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы