«Ұлттық мүдде – бірінші орында»: Ерлан Қарин Президенттің мәлімдемесіне тоқталды
Вице-Президент Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне тоқталып, ұлттық мүдде, тұрақтылық пен бейбітшілік Қазақстанның басты басымдығы екенін атап өтті. «Кеше Берлиндегі баспасөз мәслихатында Президент Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына қатысты сұрақтарға жауап беріп, ел ұстанымын ашық түсіндірді. Қазақстанның дамуы үшін ең алдымен қажетті алғы шарт тұрақтылық пен бейбітшілік екенін айта отырып, осы жолда Мемлекет басшысы ретінде бар күш-жігерін жұмсайтынын мәлімдеді», - деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Президенттің тұлғалық болмысы да, жүргізіп отырған саясаты да осы жауапта жатыр деді Вице-президент. Ол еліміздің барлық мақсаттарға, болашақ жетістіктерге қол жеткізуі үшін тұрақтылық пен бейбітшілік керек екенін естен шығармауыз қажет екенін еске салды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы