Басты Жаңалықтар Қазақстан ЖИ және адам капиталын ұштастыру индексінде 55-орынға шықты

Қазақстан ЖИ және адам капиталын ұштастыру индексінде 55-орынға шықты

Қазақстан жасанды интеллект пен адами дағдыларды ұштастыру индексінде 98 елдің ішінде 55-орынға шықты. Бұл көрсеткіш Coursera Global Skills Report 2026 жаһандық есебінде жарияланған. AI-Human Skills Synergy Index жасанды интеллект дағдыларымен қатар сыни ойлау, көшбасшылық, коммуникация және күрделі міндеттерді шешу сияқты адами құзыреттердің қаншалықты дамып жатқанын бағалайды. Қазақстанның нәтижесіне онлайн оқытудағы дағдыларды меңгеру деңгейі, құзыреттер ауқымы және AI мен адами дағдылардың үйлесімі әсер еткен. Бағалауда елдің жасанды интеллектке дайындығы да ескерілген. Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында қазір 100 жоғары оқу орны жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар 1200-ден астам педагог заманауи онлайн оқыту әдістерін меңгерген. Министрлік Қазақстанның бұл көрсеткіші елдегі барлық азаматтардың дағды деңгейін емес, негізінен цифрлық оқыту платформасын пайдаланушылар арасындағы үрдісті көрсететінін атап өтті.


Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы