Басты Жаңалықтар Кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштері автоматты түрде бақыланады

Кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштері автоматты түрде бақыланады

Ауаға зиянды қалдықтарды көп шығаратын кәсіпорындардың экологиялық жағдайы енді автоматты жүйе арқылы бақыланады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері хабарлады. Цифрлық жүйе өндіріс орындарынан алынған ақпаратты әр 20 минут сайын Ұлттық деректер банкіне жіберіп отырады. Автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату талабы әзірге ірі өнеркәсіп орындарына ғана қойылған. Қазіргі таңда 119 кәсіпорынның 90-ы қажетті құрылғыларды орнатқан. Жиналған деректерді салалық министрлікпен қатар, құқық қорғау органдары да нақты уақыт режимінде көре алады. Ал соңғы екі жылда автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату талабын орындамаған кәсіпорындарға жалпы сомасы 31 миллион теңге болатын айыппұл салынған.

Ерболат Қожықов, ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

Бұл статистика ретінде жиналып отырған ақпарат емес. Жүйе сенбі-жексенбіге қарамай, тәулік бойы жұмыс істеп, көрсеткіштерді автоматты түрде анықтап, бақылап отырады. Норма көрсеткіштерінен асып кеткен жағдайда жүйе қызыл түспен белгі береді. Нормадан асып кеткен жағдайда, ақпарат автоматты түрде кәсіпорындарға жіберіледі.



Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы