Басты Жаңалықтар Flydubai ұшағында болған төтенше жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр

Flydubai ұшағында болған төтенше жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған «Боинг» бортындағы төтенше жағдай тергеліп жатыр. Бұл уақытта Flydubai әуе компаниясы Израильге баратын және одан шығатын ұшақ рейстерін уақытша тоқтатты. Ал Израиль премьері Биньямин Нетаньяху ұшақты құлатпақ болған екінші пилоттың артында кімдер тұрғанын айту әлі ерте деп мәлімдеді. Күдікті ұшу кезінде экипаж командирін пышақтап, әуе кемесін құлатпақ болған. Ал командир кабина есігін ашып үлгерген. Сол сәтте жолаушылардың біреуі ішке кіріп, шабуыл жасаған пилотты кабинадан шығарып, штурвалды тартқан. Кейін осы борттағы жолаушы екі пилот ұшақты басқарып, «Боинг» Сауд Арабиясының Табук қаласына сәтті қонды. Биньямин Нетаньяху шабуылшыны залалсыздандырған Янив Хаюн есімді азаматқа алғыс білдіріп, оны Батыр деп атады.   



Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы