Президент Қазақстанның инвестициялық және инновациялық мүмкіндіктерін таныстырды
Қазақстан Президенті Баварияның іскерлік топ өкілдеріне еліміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі мүмкіндіктерін таныстырды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникасы, ғылыми негіздегі егін шаруашылығы, су үнемдеу технологиялары және тамақ өнеркәсібі бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде Қазақстанның инвестициялық және инновациялық мүмкіндіктерін таныстырып, бавариялық компанияларды Alatau City мегажобасына қатысуға шақырды. Президент кәсіби мамандар даярлаудың маңызын атап, Баварияның дуалды білім беру жүйесіне Қазақстанның қызығушылық танытатынын айтты. Бұдан бөлек, Алматыда Бавария экономикасының өкілдігін ашу ұсынылды. Бұл құрылым Қазақстан мен Орталық Азиядағы неміс бизнесінің байланысын дамытуға ықпал етпек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы