Құқық қорғау қызметкелері волейболдан сынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғау қызметкелері волейболдан сынға түсті

03.06.2014
Құқық қорғау қызметкелері волейболдан сынға түсті
Астанада құқық қорғау және арнайы органдарының қызметкерлері волейбол алаңында бас қосты. Жарыс үшінші салалық спартакиада бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы қоғамдық бірлестігі төрағасының кубогы үшін 12 команда таласуда.
 
Спорттық шараның алғашқы күні былтыр жеңімпаз атанған Ішкі істер министірлігінің командасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамасынан басым түсті. Турнир жеңімпазы 5 маусымда анықталады. Сайыстың басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, волейбол спортын дамыту.
 
Нұрлан Абатов, жарысқа қатысушы:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде кәсіби спортшылар бар.  Дайындығымыз жақсы. Оларға төтеп бере аламыз деп ойлаймын.

 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу