Жамбыл облысында көкпардан халықаралық турнир аяқталды
Жамбыл облысында көкпардан Қазақстанның спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды. Тартысқа толы бәсекеде 6:2 есебімен «Әулиеата» көкпар командасы Шымкенттің «Құлагер» көкпаршыларынан басым түсті.
Жергілікті «Байзақ» командасы алғаш рет 3-ші орын үшін талайды қапыда қалдырған «Астана» командасымен кездесті.
«Әулиеатаны» талай сайыста алға суырылып шығуына септігін тигізген текті тұлпар «Лазер» бұл жолы да бабында екендігін байқатты. Берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланған Әбуғали Әбжаппаров есепті ашты.
Ал, екінші кезеңінде «Әулиеата» көкпар командасының капитаны Нұрдәулет Момынов кездесудің нүктесін қойды. Шабандоз «Ракета» атты жүйрігімен доданы қақ жарып, есепті 6:2 жеткізді.
Ерлен Оспанов, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті:
Биылғы жылы Қырғыз елінен командалар қосылды. Келесі жылы Өзбекстан көкпаршылары қосылады деген үміттеміз. Жүлде қорын да молайтпақшымыз. Бұл - мемлекеттің қолдауы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ақпарат құралдары – халықтың үні, ұлттың жаршысы, бұқараның рухани тірегі»
01.10.2026, 10:42
Ақмолалық әскери тұтқындар туралы ғылыми монография жарық көрді
01.10.2026, 10:10
Швейцария мұздықтары жылдам еріп жатыр
01.10.2026, 10:07
Flydubai ұшағында болған төтенше жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр
01.10.2026, 10:06
Кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштері автоматты түрде бақыланады
01.10.2026, 10:05
Қазақстан ЖИ және адам капиталын ұштастыру индексінде 55-орынға шықты
01.10.2026, 10:05
«Ұлттық мүдде – бірінші орында»: Ерлан Қарин Президенттің мәлімдемесіне тоқталды
01.10.2026, 10:03
Президент Қазақстанның инвестициялық және инновациялық мүмкіндіктерін таныстырды
01.10.2026, 10:02