Руслан Өтебалиевтың мақсаты - паралимпиадалық ойындарда ел мерейін асқақтату
Сал ауруына шалдыққан Руслан Өтебалиев, тағдырдың тәлкегіне мойымаған жас. Ес білгелі туа біткен дертпен күресіп келеді. Осы мақсатта ол суда жүзуді үйренді. Үш жыл ішінде талапшыл жас жоғары жетістіктерге жетіп, мүгедек спортшылар арасындағы Азия және Әлем чемпионаттарында бірнеше мәрте топ жарды.
Қазір Руслан ел біріншілігіне дайындалуда. Іріктеуден өтсе, Азия ойындарында бақ сынайды. Бұған дейін де Азияның екі дүркін, әлемнің бір дүркін чемпионы атанған еді. Әрине, мұның бәрі жас спортшыға оңайшылықпен келген жоқ. Өйткені, Руслан 6 жасқа дейін жүре алмаса, 13-ке толғанша тек балдақпен қозғалатын.
Нұрлан Мерғалиев, жаттықтырушы:
Бастапқыда балдақты тастамайтын еді қолынан. Қазір ол балдақсыз жүреді. Жаттығудың әсері деп ойлаймын. Бала өзін мүгедекпін деп санамайды. Жаттығу жүйесіне келіп, жаттығып, сондай деңгейге жетті.
Осы кезге дейін Руслан қос аяғына 13 операция жасатқан. Әсіресе судағы жаттығулар денсаулығымның түзелуіне себепкер болды дейді, спортшы.
Руслан Өтебалиев, мүгедек спортшылар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы:
Суда жүзуді өте жақсы көремін. Бассейнге келіп жаттықпастан бұрын да өзенге жиі түсетінмін. Осында келгелі өздігімнен жүріп-тұра аламын. Бос отырғанды ұнатпаймын.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған Руслан болашағын осы салаға арнамақшы. Сондықтан ол, Орал гуманитрлық-техникалық колледжінде дене тәрбиесі мұғалімі мамандығы бойынша білім алуда.
Майра Нұрмұқашева, колледждің тәрбие ісінің меңгерушісі:
Өте талапшыл, мақсатшыл, алдына қойған өзінің ойларын орындауға тырысатын студенттердің бірі. Біздің де колледж әкімшілігі, оқытушылары мүмкіндігі шектеулі студенттерге жағдай туғызып, оқуда да, қоғамдық жұмыста да алда болуларына көмек көрсетіп келеді.
Руслан, оқуын тәмамдағаннан кейін балаларды жаттықтырмақ ойы бар. Талапшыл жастың тағы бір арманы - 2016 жылы Бразиялияда өтетін паралимпиадалық ойындарға қатысып, ел мерейін асқақтату.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01