Қазақстан боксшылары Моңғолия құрамасымен оқу-жаттығу жиынын өткізді
Астанада бокстан Ұлттық құрама спортшылары Моңғолия боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спорттық шара мұндай жоғары деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Біріккен жаттығулар екі жаққа да тиімді екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Екі құраманың да биылғы жылы алдына қойып отырған басты мақсаты – күзде Кореяда өтетін Азия ойындарында жақсы нәтижелерге қол жеткізу.
Қонақтар сапында Әлем чемпионатында жүлде алған былғары қолғап шеберлері бар. Сондықтан, мұндай кездесулердің боксшыларға берері мол.
Данияр Елеусінов, бокстан Ұлттық құрама мүшесі:
Ойдағыдай, жоспар бойынша өтті.
Жиынның соңғы күні боксшылар 3 минуттан тұратын 4 раунд жекпе-жек өткізіп, бар білгенін ортаға салды.
Мырзағали Айтжанов, бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері:
Әр команданың өзінше мәнері бар. Тәжірибе алмасу, қарсыластарды зерттеу жиыны болды.
Ал, Моңғолия құрамасы болса, Атырауға атанып, жергілікті спортшылармен шеберлігін шыңдап, кейін Жайық жағасында өтетін халықаралық турнирде бақ сынайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ақпарат құралдары – халықтың үні, ұлттың жаршысы, бұқараның рухани тірегі»
01.10.2026, 10:42
Ақмолалық әскери тұтқындар туралы ғылыми монография жарық көрді
01.10.2026, 10:10
Швейцария мұздықтары жылдам еріп жатыр
01.10.2026, 10:07
Flydubai ұшағында болған төтенше жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр
01.10.2026, 10:06
Кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштері автоматты түрде бақыланады
01.10.2026, 10:05
Қазақстан ЖИ және адам капиталын ұштастыру индексінде 55-орынға шықты
01.10.2026, 10:05
«Ұлттық мүдде – бірінші орында»: Ерлан Қарин Президенттің мәлімдемесіне тоқталды
01.10.2026, 10:03
Президент Қазақстанның инвестициялық және инновациялық мүмкіндіктерін таныстырды
01.10.2026, 10:02