Бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды

31.03.2014
Бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды

Орал қаласында «Дене шынықтыру мен спорт арқылы ұлттың денсаулығын нығайту» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда алыс-жақыннан келген белгілі спорт саңлақтары мен мамандар бұқаралық спортты дамыту туралы ой-пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
 
 Алқалы жиында салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданушыларды арнайы кешендермен толық қамтамасыз ету керектігі айтылды. Бұқаралық спортты дамытуда проблемалар да жоқ емес. Бұл - әлем елдері үшін ортақ мәселе дейді, конференцияда баяндама жасаған поляк профессоры.
 
Александр Скалий, Польша экономикалық университетінің профессоры:
Теория мен практика бір-біріне жақын болуы керек. Тұрғындардың бос уақыттарын спортқа арнауына жағдай туғызуға мемлекет мүдделі болуы керек. Бұл бағытта Қазақ елі маңызды қадамдар жасауда. Әрине, әлі күнге спортқа белсене араласпай жүргендер де бар. Сондықтан, бұл үшін белсенді насихат жүргізілуі тиіс.

Хабарламаларға жазылу