Волейболдан ел біріншілігі аяқталды
Орал қаласында волейболдан Жоғары лигадағы қыздар командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІІІ тур ойындары аяқталды. Жарысқа 6 команда қатысып, «А» тобындағы үздіктерді анықтады.
Ұйымдастырушылар кездесулердің аса тартысыты болғанын айтады. Бұған әр команданың бес партиядан ойын өткізгендігі дәлел. Әсіресе, жарыс барысында Алматы мен Қарағанды қыздары өзгелерден қара үзіп кетті. Бұл командалар финалда өзара сынға түсіп, нәтижесінде оңтүстік астананың қыздар құрамасы жеңіске жетті.
Павел Патроков, бас төреші:
Әр тур сайын қыздардың шеберлігі шыңдалып, деңгейі көтеріліп келеді. Әрине, «А» тобының көш басында тұрғандар бар, сондай-ақ, жас командалар бар. Соңғысына Оралдың «Грациясын» қосуға болады. Әдеттегідей бұл жолы Алматы командасы жақсы нәтиже көрсетті. Енді ел чемпионатының кезекті туры наурыздың 19-ы мен 26-ы аралығында Қарағанды қаласында өтеді.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14