Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
Көпшіліктің сүйікті әншісі Sadraddin рекорд орнатты. Алматыдағы жеке концертінде 70 мың көрермен жиналды. Орталық стадионда өткен ауқымды шоуға билеттер санаулы күнде сатылып кеткен. Әсем әуен, ерекше би, заманауи жарық пен арнайы эффектілер үйлесіп, тыңдарманға ерекше атмосфера сыйлаған музыкалық жоба Kaspi.kz компаниясының қолдауымен өтті.
Тосынсыйға толы кешті Sadraddin сахнаға ғарышкер бейнесінде арқанмен жоғарыдан түсіп, «Үйге», «Мұңлы би» әндерімен ашты. Ерекше шоуды ұйымдастыруға 2 мыңға жуық маман жұмылдырылған. Сахна алып LED экрандармен, кәсіби жарық жүйесімен және арнайы эффектілермен жабдықталған. Ал концерттің бас серіктесі еліміздегі ең технологиялық компания Kaspi.kz болды.
Sadraddin, әнші:
Әрине, екі күн концерт жасауға үлкен қолдау керек. Себебі оңай дүние емес. Тәжірибемде алғаш рет болғаннан кейін мен Kaspi.kz-ке үлкен алғысымды айтамын. Бәріңізге рақмет! Көрермендерге рақмет! Kaspi.kz-ке рақмет! Біз сіздерді жақсы көреміз.
Кеш барысында әнші Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің рухына тағзым етіп, «Ант» әнін орындады.
Екі күндік концертке әнші 2 жыл бойы дайындалған. Шоу кезінде жанкүйерлеріне 32 ән ұсынды. Сондай-ақ Ливан әншісі Махер Зейн, украин орындаушысы Adro, қырғыз рэпері Bakr және жастардың сүйіктісі Аяумен дуэтін бүкіл стадион қосылып, бірге шырқады. Орталық стадион төріне тігілген 40 метрлік алып сахна, әсем әндер, ерекше отшашу және Kaspi-дің қолдауы мен коллаборациясына көрермен ерекше тәнті болғандарын айтады.
Керемет көңіл күй сыйлаған ғаламат шоуды көпшілік өнер-мәдениет, креативті индустрияның жаңа деңгейге көтерілуі, деп бағалауда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы