ШҚО-да шағын шаһарда жаңа аурухана салынды
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Риддерде көпбейінді аурухана салынды. Отыз миллиард теңгеге бой көтерген медициналық мекемеге соңғы үлгідегі құралдар да алынды. Енді ауыр науқастар бұрынғыдай облыс орталығына сабылмайды. Кеншілер шаһарындағы 50 мың адамға қызмет көрсететін заманауи үлгідегі аурухананың әлеуетін тілшіміз Олжас Керейхан көріп келді.
Риддердегі тұрғындар бұл аурухананы көп күтті. Құрылысы да ұзақ салынды. Нәтижесінде ат шаптырым аумақты алып жатқан аурухана жарқырап тұр.
Теңлік Төпелекова, Риддер қаласының тұрғыны:
Ауруханаға кіргенде тіпті ауырғаныңды ұмытып, көріп қуанып қаласың. Мынау не деген әдемі. Бүгін бірінші рет келіп тұрмын. Флюраға түстім, міне, таңертең келіп, өте жақсы істелінген.
Мәнсия Әзтаева, Риддер қаласының тұрғыны
Аппараттары да жаңа, медицина мамандары да жақсы. Жаңа жабдықдармен жабдықталған. Өте қуаныштымыз.
Бір ауысымда емханада 500 адамға медициналық көмек көрсетіледі. Екі жүз орындық стационар бөлігі тағы бар. Ең соңғы үлгідегі құралдармен толық жабдықталды.
Қорлан Қисәбитова, Риддер қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Мына қондырғы медициналық құралдарды жуып шығарады. Автоматтандырылған. Бұл ең біріншіден уақыт үнемдейді. Екіншіден жүз процент барлығы таза.
Үлкен үш ғимарттан тұратын ауруханада шұғыл медициналық көмек және травмотология бөлімдері жеке-жеке ашылды. Жаңа кешенге жалпы 12 миллиард теңгенің медицианалық жабдығы қойылады. Нәтижесінде дәрігерлердің де жұмысы жеңілдеді.
Мұхит Халықов, дәрігер-хирург:
Бұрынғы эндескоппен қараған кезде тек қана диагноз қоятынбыз. Ал бұл эндаскоптың көмегі арқылы қосымша ем шара қолдана аламыз. Онкологиялық ауруға күдік болса, содан биохимия алып, біз оны онкология ма, басқа нәрсе ме, біз оны анықтауға қолымыз жетті.
Қол жеткен жетістікті жетілдіру үшін енді дәрігер мамандарды толықтыру қажет. Қазір жалпы бұл ауруханада оннан аса медицина маманының орны бос тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы