Қарағандыда бүркітшілер сайысы аяқталды
Саятшылықтан бүркітшілердің 9-шы ел чемпионаты мәреге жетті. Қарағанды облысында жалауын желбіреткен сайыста барлығы 35 құсбегі шеберлігін ортаға салды. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жамбылдық Жалғас Әкімбековтың жұлдызы жанды.
Ережеге сәйкес, бүркітшілер бірінші кезекте қыран құстарын 300 метрден қолға шақырып, шырғаға салып көрді. Осы сыннан сүрінбей 15 құсбегі келесі айналымға жолдама алды.
Жарыстың екінші кезеңінде, дала қояны ортаға жіберілді. Нағыз бабы келіскен аспан еркесі жемтігін 400 метрден жұлып түсіруі тиіс. Бастапқыдан көш басында келе жатқан 6 құсбегі осы бөлімнің қорытындысы бойынша финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Ал, шешуші сайыс тартысқа толы болды. 500 метр қашықтықтан жіберілген қасқырға кез келген бүркіттің күші жетпеді. Тек, атыраулық Арман Қошқаров пен Жалғас Әкімбековтың құс патшасы дараланды.
Жалғас Әкімбеков, жарыс жеңімпазы:
Қарқаралының жері керемет. Боранға қарамастан жарыс өтті.
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Жаңа автокөлік өткелі пайдалануға берілді
01.10.2026, 20:08
ШҚО-да шағын шаһарда жаңа аурухана салынды
01.10.2026, 20:07
Шу вокзалы пайдалануға берілді
01.10.2026, 20:06
Қуаты 1000 МВт ірі жел электр станциясы салынады
01.10.2026, 20:06
Мұздықтар жылдам еріп жатыр
01.10.2026, 20:05