Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

24.02.2014
Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды
 
Әлем көз тіккен XXII Қысқы Олимпиада ойындары да аяқталды. Дүниежүзінің 88 елі қатысып, 16 күнге созылған дүбірлі дода тарих беттеріне қатталды. Кеше түн ауа дүние жүзі халқынын дидары Сочи қаласына, Олимпиаданын жабылу салтанатына ауды. Олимпиялық бақтағы «Фишт» стадионына халық лық толды.
 
Олимпиаданың жабылуы салтанаты ерекше сценариймен басталды. Сайыстың соңғы күні шаңғыдан 50 шақырымдық аламанның жүлдесін жеңіп алған спортшылар тұғырға көтерілді.
 
Көрермендер оларға үлкен қошемет білдірді. Одан кейін театрландырылған қойылым арқылы ресейліктер «Теңіз бен түс» ертегісі желісімен өз мәдениетін көрсетті. 
 
Томас Бах, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті:
Олимпиада жоғары дәрежеде өтті. Өкініштісі сол, XXII Қысқы Олимпиада аяқталды. Бұл шараны ұйымдастырған ресейліктерге алғыс білдіремін.
 
Италиялық театр режиссері Даниэл Финци Пасканың бастамасымен жүзеге асқан қойылымдар көптің жүрегін жаулап алды. Кеште ойнаған Александра Пахмутова мен Николай Добронравовтың «Жүздескенше, Мәскеу» әні көрермен көзіне 1980 жылғы Олимпиаданы елестетті.
 
Эгнат Эгнатович, жанкүйер (Ресей):
Бәрі ойлады, аюды 80 жылдағыдай аспанға ұшырады деп. Және жанындағы қоян мен барысты да. Бірақ, олай болмай шықты. Менің ойымша, ұйымдастырушылар шатырды ашып, ұшырғанда тіпті керемет болар еді. 
 
2,5 сағатқа созылған салтанатты шара соңында Олимпиада туы Корей еліне табысталды. Кеш шырайын кәріс халқының ұлттық әуені аша түсті. Жабылу салтанаты халықты керемет көңіл күйге бөледі. Жанкүйерлердің әсерлерін біз де білуге асықтық.
 
Тим, жанкүйер (АҚШ):
Маған жабылу салтанаты қатты ұнады. Әсіресе, концерттік бағдарлама менің көңілімнен шықты.
 
Меган,жанкүйер (Канада):
Қойылымнан ерекше әсер алдым. Ресей халқы бұл спектакль арқылы арманы асқақ ел екенін көрсетті. Салтанатты кеш өте жақсы өтті деп айтамын.
 
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Міне, алты құрлықтың басын қосқан дүбірлі дода осымен аяқталды. Ресей XXII Қысқы Олимпиада ойындарын абыроймен атқарды. Ендігі кезек - Корей елінде.
2018 жылы XXIII  ҚысқыОлимпиада Пхенчхан қаласында жалауын желбіретеді. Бұл жолы біздің саңлақтардың жолы болмады. Енді 4 жылдан кейін яғни, 2018 жылы біздің ел үздіктер қатарынан көрінеді деген үміт бар.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу