Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді марапаттау рәсімі Астанада өтеді
Сочи Олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз медальді салған Денис Тенді марапаттау рәсімі 26 ақпан күні Астанада өтеді. Бұл туралы Алматыда қола жүлдегермен жүздесу кезінде 2017 жылғы студенттердің Бүкіләлемдік қысқы ойындарына оңтүстік астананы дайындау дирекциясының жетекшісі Илья Оразақов айтты.
Денис Тенді кім марапаттайтыны туралы айтылмады. Спортшы Сочиден Алматыға бүгін таңертең оралды. Жастармен ой-пікірлерін бөліскен ол спорттың өзіне қандай пайдасы тигенін айтты.
«Спорт қиындықтарға қарамастан, мақсатқа жетуге үйретеді. Мақсат болса, тоқтамай соған жету керек. Қандай да бір мұратқа қол жеткізу жолы оңай болмайтынын білу қажет», - деді Денис Тен. Ол адамның өз-өзіне сенімді болып, табандылық көрсетуінің қаншалықты маңызды екенін тілге тиек етті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті 75 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақымен марапаттауы тиіс.
Алтын медаль үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті 250 мың АҚШ доллары, күміс медаль үшін 150 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілетінін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ 4-6 орындарға ие болған спортшыларымызды да белгілі бір мөлшердегі сыйақылармен марапаттау қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алакөл туристік маусымға дайын ба?
03.05.2026, 20:08
Құрылыс сапасын ЖИ көмегімен бақылауға болады
03.05.2026, 20:06
«Тарихи оқиға»: Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» ракета тасығышы орбитаға алғаш рет ұшырылды
03.05.2026, 20:05
Жеке сот орындаушыларына қойылатын талап күшейді
03.05.2026, 19:58
Диплом бар, жұмыс жоқ: Еңбек нарығына кадр даярлау қашан реттеледі?
03.05.2026, 19:57
Президент: Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір
03.05.2026, 19:53
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08