Қарағанды облысында 643 шақырым жолды жөндеді
Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 35 жыл. Осы уақыт аралығында еліміздің инфрақұрылымы дамып, өңірлердегі жолдар талапқа сай жөнделіп жатыр. Әсіресе автожолдарды жаңарту – экономиканы дамытып, халықтың тұрмыс сапасын арттыратын маңызды бағыттардың бірі. Биыл Қарағанды облысында 643 шақырым автожол жөндеуден өтті. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдардың 280 шақырымы, облыстық маңызы бар жолдардың 84 шақырымы жаңартылды. Қазір өңірдегі бірқатар ірі жол нысандарында құрылыс жұмыстары аяқталып келеді. Соның бірі – Саран – Шахтинск автожолы. Жөндеу жұмыстары Абай, Шет, Нұра, Ақтоғай және Бұқар жырау аудандарын да қамтыды. Орташа жөндеу кезінде екі қабат асфальт төселіп, кепілдік мерзімі бес жылға дейін ұзартылған. Ал келер жылы облыста 336 шақырым автожолды жөндеу жоспарланып отыр.
Арғынғазы Қуанышев, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
Қарағанды – Жезқазған жобасы биыл басталды. Жалпы ұзындығы – 457 шақырым. Оның 122 шақырымы Қарағанды облысының аумағында орналасқан. Асфальттау жұмыстары 2028 жылы аяқталады. Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдардың 9 учаскесі орташа жөндеумен қамтылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы