Басты Жаңалықтар Заң үстемдігі – әділетті қоғамның басты қағидаты

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның басты қағидаты

Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидаты – қауіпсіздік пен әділетті қоғам қалыптастырудың, азаматтардың құқықтарын қорғаудың және мемлекетке деген сенімді нығайтудың маңызды факторы. Заң үстімдігі орнығу үшін жауапкершілікті әрбір адам өзінен бастауы тиіс дейді өңір тұрғындары.

Өскемен   

Жақында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірнеше дерек тіркелді. Оның өзі ұсталуы, тергелуі мемлекетімізде заң мен тәртіп қағидатының жүйелі жұмыс істеп жатқанының белгісі. Мемлекет басшысы да өзінің ойын білдірген болатын. Мемлекеттік жүйенің сапалы жұмыс істеуіне, осы сияқты факторлар кедергі болады деп.

Петропавл

Заң мен тәртіп тұжырымдамасы еліміз үшін барлық қазақстандықтар үшін керек қағидат деп түсінемін. Өтйкені, заң бар жерде тәртіп бар дегендей. Ал тәртіп бар жерде заңның үстемдігі арта түседі.

Тараз

Егер мемлекеттен бөлінген миллиардтар, миллиондар тиісті мақсатта жұмсалмайтын болса, соған жауапты тұлғалар қандай қызметте болсын, таныс, бейтаныс, кім дейміз, қандай байланысы болса да әрбір мемлекеттің ақшасына жауапты тұлға өзінің жауапкершілігін сезінуі керек. Бұрыс әрекет жасаса оның барлығы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жауап беру керек.

Бөлісу