Басты Жаңалықтар Мейрамханалар ән авторларына сыйақы төлейді

Мейрамханалар ән авторларына сыйақы төлейді

Келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мейрамханалар, кафе мен караоке барлар ән авторларына сыйақы төлейді. Дегенмен, әр мекемені жеке-жеке тексеру жоспарланбаған. Еліміз бойынша 500-600 мекеме кездейсоқ іріктеледі. Сосын барлығы QazCopyright цифрлық платформасы арқылы бақыланбақ. Бұған дейін аталған жүйеге телеарналар мен радиоарналар, сондай-ақ мәдениет мекемелері қосылған еді. Қазір платформада 2,5 мыңнан астам келісім бар. Сондай-ақ, платформадағы шығармалар тізіміне 255 636 туынды енгізілген. Жаңа жүйе арқылы 100 млн теңгедей қаржы жиналып, 32 млн теңгесі авторларға берілген. Қалған қаржы база тіркеліп, банктік есепшоттар ұсынылған соң ғана аударылады. Мамандардың айтуынша, әнді пайдаланғаны үшін оның сыйақы төлеу талабы бұрыннан бар. Бірақ, ол көп жағдайда орындалмайтын. Енді, цифрлық платформа арқылы әндердің қайда және қанша рет орындалғаны есепке алынып, авторларға соған сәйкес сыйақы бөлінеді. Ол үшін туынды авторлары тиісті құжаттарды рәсімдеп, жүйеге тіркелу қажет.

Сәбит Хамитов, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК директоры:

Басты мақсатымыз – авторларды тіркеп, бүкіл мәліметтерді толтырып, жиналған ақшаны сол авторларға таратып беру. Осы авторлық туындыларды қолданғаны үшін кафе-ресторан иелері төлеу керек.

Бөлісу