Басты Жаңалықтар Марафонға қатысушылар 1,5 млн-нан аса кітап оқыды

Марафонға қатысушылар 1,5 млн-нан аса кітап оқыды

«Кітап оқитын ұлт» марафоны басталған 66 күнде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Әсіресе мектеп оқушылары мен педагогтар белсенділік танытып жатыр. Қатысушылар оқыған кітаптары туралы эссе жазып, арнайы платформаға жүктейді. Жұмыстар плагиатқа және кітап мазмұнына сәйкестігі бойынша тексеріледі. Ал әлеуметтік желілерде бүгінге дейін 85 мыңнан астам бейнепікір жарияланған. Марафонда оқырмандарды ынталандыру үшін арнайы марапат жүйесі енгізілген. Бес кітап оқығандарға «Талапты оқырман» қола белгісі, он кітап оқығандарға «Жігерлі оқырман» күміс белгісі, ал 15 кітап оқығандарға «Зерделі оқырман» алтын белгісі табысталады. Қола белгі иегерлерінің қатарында Қарағанды және Түркістан облыстарынан «Кітап оқитын педагог» бағытының қатысушылары бар. Олар бес кітап оқып, 1750 ұпай жинаған.

Аян Сақошев, «Кітап оқитын ұлт» ҚҚ атқарушы директоры:

Ішіндегі ең белсенді топтардың бірі – бізде мектеп оқушылары мен педагогтар. Мысалға алатын болсақ, мектеп оқушылары 600 000-нан астам кітап оқыса, бүгінгі таңда педагогтар 400 000-нан астам кітап оқыды. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», басқа да біздің ақын-жазушыларымыздың үздік-үздік шығармалары, көркем әдебиет саласындағы шығармалары енді. Оларды қазіргі таңда біздің қатысушылар оқуда.

Бөлісу