Ішкі туризм 7 жылда 63,8 пайызға өсті
Елімізде соңғы 7 жылда ішкі туризм 63,8 пайызға өскен. Бұған инфрақұрылымның жаңаруы, ауқымды инвестиция мен мемлекеттік қолдау серпін берді.
Мәселен, 2021 жылы 3 жарым мыңнан аса орналастыру нысаны болса, қазір олардың саны 4500-ге жеткен. Жалпы, былтыр салада құны 345 миллиард теңге болатын 95 жоба іске қосылды. Кәсіпкерлер үшін 7 түрлі мемлекеттік қолдау тетіктері жұмыс істеп тұр. Ірі жобаларға жеңілдетілген несие бағдарламасымен 150 миллиард теңге қарастырылған. Ал қабылданған жаңа заң аясында гидтер мен визит-орталықтардың жұмысы реттелді. Туристік автобустар үшін «жасыл дәліз» жүйесі енгізілуде. Сондай-ақ отбасылық демалысты қолдау мақсатында балаларға ұлттық парктерге тегін кіру қарастырылған. Мәселен, Жетісу облысында 2 бірдей ұлттық табиғи парк бар. Солардың бірі - «Жоңғар Алатауы». Оған осы жылы 8 мыңдай адам келген. Оның 150-ге жуығы шетелдік қонақ.
Марат Қабиев, «Жоңғар Алатауы» МҰТП директоры:
Қытай Республикасына барып, туризмді дамытуға, әсіресе, қысқы туризмді дамытуға қалай жағдай жасау керек екенін көріп, бір меморандумға қол қойып, бір-бірімізбен ақылдасып, жұмыс істейін деп жатырмыз. Туристерді тартатындай, қызықтыратындай, біраз ойымыз бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы