Басты Жаңалықтар Smart City зерттеу институты құрылады

Smart City зерттеу институты құрылады

Қазақстан мен Қытай Алатау қаласын дамытуға арналған Smart City институтын құрады. Ол Ұлттық ғылым академиясы жанынан жұмыс істейді. Жаңа ғылыми орталықтың негізгі алаңы ретінде Алатау қаласы таңдалды. Төртжақты ынтымақтастық туралы келісімге Ұлттық ғылым академиясы, Alatau City Authority, Шэньчжэнь университетінің зерттеу институты және қытайлық LAY-OUT Planning Consultants компаниясы қол қойды. Институт қалалық инфрақұрылымға жасанды интеллект пен ақылды көлік жүйелерін енгізу бағытында жұмыс істейді. Басты мақсат – қаланы жоспарлау мен құрылыс кезеңінен бастап цифрлық технологияларды қолдану. Сонымен қатар орталық жаңа буын мамандарын даярлап, әзірленген шешімдерді Қазақстанның өзге қалалары мен Орталық Азияға таратуға мүмкіндік береді.

Бөлісу