Басты Жаңалықтар Қоқыс полигондарының 20 пайызы ғана талапқа сай келеді

Қоқыс полигондарының 20 пайызы ғана талапқа сай келеді

Еліміздегі 3 мыңға жуық қоқыс полигонының тек 577-сі экологиялық және санитарлық талаптарға сай келеді. Бұл дерек Қазақстан Халық Кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Сондай-ақ жиында былтыр елімізде түзілген 5 миллион тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтың 30,7 пайызы ғана қайта өңделгені белгілі болды. Осыған байланысты мамандар шикізатты сұрыптап, кәдеге жарататын кәсіпорындардың санын арттыруды және қоқыс тасымалын цифрлық бақылауға алуды ұсынып отыр.

Бөлісу