Басты Жаңалықтар Буллингке тосқауыл қою үшін ЖИ қолданылады

Буллингке тосқауыл қою үшін ЖИ қолданылады

Ақтөбелік оқушылар буллинг, кибербуллингке тосқауыл қоюда жасанды интеллектті қолданып көрмек. Оныншы сынып оқушысы Әлішер Сексенбай 3D  модельдеуді, мультфильмдер мен фантастикалық фильмдерге арналған графикалық көріністерді құрастыруды меңгерген.  Ол қазір ұстаздарының көмегімен келесі жұмысын жоспарлап жатыр. Алдымен оқушыларға арналған ақпараттық роликтердің сценариі жазылады. Соған сай жасанды интеллект көмегімен бейнекөріністер құрастырылады. Талантты оқушы одан бөлек оқу бағдарламасына қажетті жобалармен де айналысады.

Әлішер Сексенбай, оқушы:

ЖИ арқылы видео түсіндірме ретінде жасалды.Яғни, мақсаты белгілі бір жағдайдан қалай шығуға болады және балаларға буллинг, кибербуллинг, жалпы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жұмыстарды өткізу болатын.

Әділшат Шортанғалиев, Ә. Кекілбайұлы атындағы №72  орта IT мектеп-лицейі директорының орынбасары:

Қазіргі таңда біршама құқық бұзушылықтар азайды. Асы «Заң мен тәртіп» қағидаты  аясында көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Құқыққорғау огандарының өкілдері, Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар мектепке келіп, балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.

Бөлісу