Басты Жаңалықтар Global Innovation Index рейтингі: Қазақстан 8 сатыға жоғарылады

Global Innovation Index рейтингі: Қазақстан 8 сатыға жоғарылады

Қазақстан Global Innovation Index 2026 рейтингінде, бір жылда 8 сатыға көтеріліп, 139 елдің арасында 73-орынға жайғасты. Нәтижесінде Орталық Азия бойынша көш басында тұр. Жоғары технологиялық өнімдер экспорты бойынша 27-орынға, ал өндіріс пен экспорттың күрделілік деңгейі бойынша 54-орынға шықты. Биыл инновацияларды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы да бекітілді. Енді мемлекеттік қолдау ғылыми жобаның өзіне ғана емес, оның нақты өндіріске енгізіліп, экономикалық нәтиже беруіне бағытталады. Технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, бизнес инвестициясын тарту және отандық өнімдерді нарыққа шығару көзделген.

Бөлісу