Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында радиатор секциясын шығаратын зауыт ашылды

Қарағанды облысында радиатор секциясын шығаратын зауыт ашылды

Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 35 жыл толады. Осы уақыт  аралығында  еліміздің өнеркәсіп саласы айтарлықтай қарқын алды. Тек соңғы жеті жылда 1200-ден астам зауыт пен фабрика іске қосылып, 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Соның бірі Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында ашылған жылыту радиатор зауыты. Жаңа кәсіпорны алюминий және биметалл жылыту радиаторларын шығарады. Жобаға 20,6 млрд теңге бөлінген. Металл құюда швейцариялық роботтандырылған кешен қолданылады, ал құрастыру мен бояу италиялық әдіс бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын жылына 5 миллионға жуық радиатор секциясын шығаруды көздеп отыр. Өнім алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етіп, кейін шетелге экспортталмақ.

Нұрсұлтан Жұмабек, кәсіпорын басшысы:

Біздің басты мақсатымыз – құрылыс саласын осы отандық өніммен қамтамасыз ету. Қазір қалдықтарды азайтатын заманауи балқыту технологиясын енгізіп жатырмыз. 2028 жылы толық қуатта жұмыс істейміз деген жоспар бар. Онымен қоса тұрмыста қолданылған алюминий металын қайта өңдеуді қолға алдық.

Бөлісу