Басты Жаңалықтар Ғылымды қаржыландыру 3,2 есе артқан

Ғылымды қаржыландыру 3,2 есе артқан

Қазақстанда соңғы жеті жылда ғылымды қаржыландыру көлемі 3,2 есе артты. Былтыр ғылыми-зерттеу жұмыстарына 260 миллиард теңгеден аса қаражат бағытталды. Ал гранттық қаржыландыру 9,5 есе ұлғайып, 90 миллиард теңгеден асқан. Елімізде ғылым саласына да  инвестиция тартылып жатыр. Салықтық жеңілдіктердің арқасында 29 миллиард теңгеге жуық қаражат құйылды. Қазір елімізде 28 мыңнан аса адам ғылым саласында еңбек етеді. Оның жартысына жуығы – жас зерттеушілер. Соңғы жылдары ғалымдардың жалақысы 18 пайызға өсіп, 813 жас маман баспанамен қамтылған. Сондай-ақ мыңнан артық ғалым шетелде тағылымдамадан өткен. Бүгінде ел аумағында 3 мыңнан аса  ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 259-ы зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған. Оның деңгейі 31 пайызға жетті. Нәтижесінде 241 отандық өнім нарыққа шығып, 2500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Ал 29 жоба бойынша өнім шетелге экспортталады.

Бөлісу