Шекаралық тас жолдың 111 шақырымы жөнделді
«Семей – Ресей Федерациясы» тас жолының 111 шақырымы жөндеуден өтіп қолданысқа берілді.
Аталған бағыттың елімізге, оның ішінде Абай облысы үшін стратегиялық маңызы зор. Ресеймен байланыстыратын ең ірі «Ауыл» өткізу пункіті де осы жол бойында орналасқан. Трассамен тәулігіне 2 мыңға жуық көлік өтеді. Ресейдің алып нарығына апаратын жолдың жағдайы бұрын көңіл көншітпейтін. Енді барыс-келіс пен алыс-беріс реттеледі-дейді мамандар. Президент Жолдауында еліміздің көлік- логистикалық әлеуетін арттыру, транзиттік бағыттарды дамыту және сапалы автожол инфрақұрылымын құру мәселесіне ерекше назар аударылған еді. Көрші елмен байланыстыратын жолдың ретке келуі осы бағыттағы жұмыстың нәтижесі.
Айбек Әнуарбеков, «Қазавтожол» ҰК» облыстық филиалының директоры:
Жол енді, мысалға бұрын қанағаттанарлықсыз жағдай болған. Қазір мына жөндеуден кейін толықтай жақсарды деп айтуға болады. Бұл нысанда қосымша 10 шақырым малдан қоршау, мал қоршаулары салынды. 14 су өткізгіш құбырды жөндеу жұмыстары атқарылды.
Серікгүл Құрманғалиқызы, Дмитриевка ауылының тұрғыны:
Жол азабын тартқан білер дейді. Біз осы уақытқа дейін жолдың азабын көп тарттық. Себебі Семеймен екі ортада көп қатынаймыз. Өзім Дмитриевка ауылының тұрғынымын. Енді ауылда тұрғаннан кейін, қала жақын болған соң, жиі қатынаймыз ғой. Сол кезде ойлы – шұңқыр жол көлікке де, адамға да үлкен қиындық туғызған болатын. Міне, биылғы жылы үлкен жол құрылысының куәсі болдық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы