Басты Жаңалықтар Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр

Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр

Бүгін Құрылтай Әлеуметтік желілердегі деструктивті контенттің таралуына жол бермеу, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарайды. Күн тәртібіне онлайн-платформалар мен масс-медиаға қатысты заң жобасы шығарылған. Отырыста депутаттар бірнеше маңызды құжатты қарайды. Бірінші оқылымда онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заң жобасы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулер қаралады. Бұл – қоғамда қызу талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. Әсіресе балалардың интернеттегі қауіпсіздігі, әлеуметтік желілердегі деструктивті контенттің таралуына қатысты платформалардың жауапкершілігі мәселелері өзекті. Заң жобасы Президент тапсырмасымен әзірленген. Екінші оқылымға шығарылған 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы да маңызды. Бұған дейін оны талқылау кезінде ең төменгі жалақыны көтеру, учаскелік дәрігерлердің жалақысын 40 пайызға дейін арттыру мәселелері көтерілген болатын.

Бөлісу