Басты Жаңалықтар Құрылыс қарқыны 13,1%-ға өсті

Құрылыс қарқыны 13,1%-ға өсті

Биылғы жылдың он айында құрылыс жұмыстары 13 пайызға өскен. Арасында бой көтерген жаңа ғимараттар да, жөнделген ескілері де бар.  Жалпы құрылыстың төрттен бірі автомобиль жолы, теміржол, метро құрылысы. 12 пайызы тұрғын үйлердің үлесінде. Жыл басынан бері елде 18 миллион 316 мың шаршы метрден астам нысан пайдалануға берілген. Соның 15 миллионға жуық шаршы метрі  тұрғын үй. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық. Жаңа баспананың 95 пайызға жуығын жеке компаниялар тұрғызған. Бұдан бөлек биыл 44 мектеп, 37 балабақша салынды, 9 емхана пайдалануға берілген.

Бөлісу