Басты Жаңалықтар Құрылтай жанынан Жастар кеңесі құрылады

Құрылтай жанынан Жастар кеңесі құрылады

Құрылтай жанынан Жастар кеңесі құрылады. Алаң жастар бастамаларын біріктіруге, оларды жүйелі түрде ілгерілетуге және Құрылтаймен тікелей байланыс орнатуға арналған.  Кеңестің басты мақсаты - белсенді, бастамашыл және жасампаз жастарды біріктіріп, ел дамуының стратегиялық міндеттерін шешуге тарту. Кеңес құрамына Құрылтай депутаттарын, жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің өкілдерін, өңірлердегі белсенділерді, сондай-ақ түрлі кәсіби саладағы жас мамандарды енгізу ұсынылып отыр.

Бөлісу