Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасын қабылдады

Ақордада Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады. Кездесуде екі елдің құқық саласындағы ынтымақтастығы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің жан-жақты стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы құқық саласындағы байланысты да нығайтып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің мемлекеттік-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған саяси реформаларға тоқталды. Игорь Краснов екі елдің Жоғарғы соттары алғаш рет ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын жеткізді. Құжат тәжірибе алмасуға, сот төрелігін цифрландыруға негіз болады. Ресей тарапы ғылым мен білім беру саласында да әріптестікті кеңейтуге, соның ішінде сот қызметкерлерінің біліктілігі мен цифрлық дағдыларын арттыруға мүдделі.

Бөлісу