Көкшетаудағы спорт кешеніне келушілер көбейді
Көкшетаудағы қайтарылған активтер қаражатына салынған көпфункционалды спорт кешеніне келушілер саны 700-ге жуықтады.
Кешенде 6 спорт залы бар. Ол жерде көркем гимнастикадан бастап күрестің бірнеше түрімен айналысуға болады. Сонымен қатар ауыр атлетика, волейбол, баскетбол сияқты спорттың 11 түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. Ғимарат мың адамға шақталған. Заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық көрермен залы да жабдықталған. Kokshe Arena – қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған облыстағы екінші спорт нысаны. Оған арнаулы мемлекеттік қордан 12 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген.
Әдия Ақылбек, оқушы:
Мен көркем гимнастикамен 6 жасымнан айналысамын. Бұрын біздің залымыз өте тар болатын. Қазір біздің залымыз өте үлкен, кең, жарық. Маған өте ұнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы