Масылдық пен мұқтаждықтың аражігін ажыратқан жөн
Масылдық пен мұқтаждықтың аражігін ажырата білу – уақыт талабы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәелеге баса мән беріп отыр. Осыған байланысты келешекте мемлекет көмекті шын мұқтаж жандарға беруді көздеп отыр. Қазір жұмыс істеп, кәсіп бастауға мүмкіндік мол. Бірақ соны пайдаланып, өз нәпақасын табуға тұрғындардың барлығы бірдей ұмтыла бермейді. Сондықтан бүгінде жұртшылықты ынталандыру мәселесі өзекті болып отыр.
Ержан Айқымбеков, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысы:
Масылдық азайған жағдайда біздің экономикамыз әрі қарай дамиды, экономикасы жоғары мемлекеттердің қатарына кіруіміз ықтимал. Масылдықты азайту үшін мектептен басталатын бағдарламалар болса дейміз. Президент айтады ғой, еңбекқор елге айналуымыз үшін кішкентай кезден тәрбиелеп бастау керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы