Басты Жаңалықтар Елімізде 9 цифрлық кеңсе жұмыс істеп тұр

Елімізде 9 цифрлық кеңсе жұмыс істеп тұр

Тоғыз қалада мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматындағы цифрлық кеңселер ашылды. Олар азаматтарға қызметтерді оператордың көмегінсіз, өз бетінше алуға мүмкіндік береді. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн қолжетімді. Соның нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталығы операторларына жүгінетін азаматтар саны 30 пайызға азайған. Жаңа кеңселерде қызмет көрсету кеңістігі үш аймаққа бөлінген: жедел қызмет алу, сараптамалық көмек және цифрлық сауаттылықты арттыру. Негізгі құрал – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін eGov GPT көмекшісі. Ол қажетті қызметті таңдаудан бастап, оны онлайн рәсімдеуге дейін жолын көрсетеді. Цифрлық кеңселер Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Сәтбаев, Орал, Петропавл, Қарағанды және Тараз қалаларында жұмыс істеп тұр.

Бөлісу