Басты Жаңалықтар Қоғамдық орындарды ластағандар камера арқылы анықталады

Қоғамдық орындарды ластағандар камера арқылы анықталады

 Абай облысында 1 375 қоғамдық орындарды ластау фактісі бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Шылым шегіп, тұқылын тастағандар, қолдағы қоқысты лақтыра салып, көшені ластағандар жазасын алған. Сонымен қатар полицейлер «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл бойы 3 мыңға жуық рейд жүргізіп, 11 805 құқықбұзушылықты әшкереледі. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу және көпшілік орындар мен саябақтарды ластау фактілері бар. Оған қоса 81 заңсыз қоқыс үйінділері анықталған .

Бөлісу