Almaty SuperSki тау шаңғы курортының құрылысы қарқынды
Almaty SuperSki тау шаңғы курортының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жұмыс барысы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында қаралды. Жоба аясында 60 шақырым шаңғы трассасы мен 17 аспалы жол салынып, күніне 10 мыңға дейін шаңғышы қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Қазір аспалы жолдардың іргетасын құю жұмыстары басталды. Еліміздің туристік әлеуетін арттыру бағытында Алматыдағы Көк-Жайлау шатқалында Almaty SuperSki жыл бойы жұмыс істейді. Курорттың сәулеттік жобасына Франция, Швейцария, Дания, Канада және Ұлыбританияның жетекші компаниялары қатысуда. Халықаралық мамандар таудағы туристік ауылды, аспалы жол стансаларын және курорт инфрақұрылымын жобалайды. Премьер-министр құрылыс жұмыстарының қарқынын жеделдетуді тапсырды. Үкіметтің бақылауындағы Almaty SuperSki жобасын 2028 жылдың желтоқсанында іске қосу көзделіп отыр.
Ержан Еркінбаев, Kazakh tourism development LTD. Бас атқарушы директоры:
Алматы SuperSki жобасының құрылысы аясында осы жұмыстар басталып кеткен. Францияның Пома компаниясы 11 аспалы жолдың құрылысын бастады. Екіншіден Пома компаниясы Алматыда кадр даярлау бағдарламасын ашып, біздің студенттерімізді сол болашақтағы есіктерін ашатын Көкжайлау курортында біздің қазақстанның азаматты бірінші жұмыс табу керек деген бағыт қойдық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы