Қайтарылған активтер: Жамбыл облысында тағы 28 нысан салынады
Биыл Жамбыл облысына қайтарылған активтер қаржысы есебінен 20 млрд теңге бөлінді. Арнаулы мемлекеттік қор қаржысы медициналық нысандар салу мен ауыз су жүйесін жүргізуге жұмсалмақ.
Бұл бағытта Қордай ауданында құрылыс жұмысы қарқынды. Үлкен сұлутөр ауылында 45 адамға арналған амбулатория ашылды. Ал ескі ғимараты апатты болатын. Енді 375 млн теңгеден астам қаржыға салынған нысан 3 мыңдай тұрғыны бар үш ауылға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ көрші Сұлутөр ауылында 9 адамға шақталған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Облыста қор қаржысына Талас және Меркі ауданындағы орталық ауруханалар да күрделі жөнделді. Жалпы өңірде 28 әлеуметтік нысан салу жоспарланса, оның 18-і пайдалануға берілді.
Жандос Әбдібаев, Жамбыл облысының прокуроры:
85 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде шалғай аудандарда 5 мыңға жуық адам сапалы медициналық көмек алуда. Сонымен қатар, облыста 15 ауыз су нысанының құрылысы аяқталып Тараз қаласы мен 7 ауданның 20 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы