Субсидияны мақсатсыз пайдаланатындарға тоқтау салған жөн
Биыл елімізде ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1,5 триллион теңгеге жеткен. Бірақ егін егіп, мал басын көбейтуді желеу еткен кейбір кәсіпкерлер субсидияны табыс көзіне айналдырып отыр.
Мәселен биыл Сыр өңірінде мал бордақылаумен айналысатын «Сыздық ата» шаруашылығы төл санын көбейтуге берілген 151 миллион теңгенің 60 миллионын жымқырып, қомақты қаржыны түрлі схемамен шығарып алған. Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері заңбұзышылықты анықтап, кәсіпкер сот алдында жауап береді. Жалпы субсидия мен қаржыландырудың тектіктерін қайта қарап, мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салу керек. Себебі ауыл шаруашылығы саласында «адал еңбек етіп жүрген шаруалар мемлекеттік қолдаудан тыс қалмауы керек», - дейді сарапшылар.
Самалбек Қосанов, сарапшы:
Бірақ өкінішке орай соңғы кездері осы субсидияны пайдаланып тек бір бағытта жеке мүддені көздеу ол дұрыс емес қағида. Әлі күнге дейін сондай мәселелер белең алып жатады. Сондықтан біз, Президенттің осы субсидияны қажетті, дәл нүктесіне, мұқтаж жандарға берілуін біз қолдаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы