Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында үйір жылқыны ұрлаған барымташы ұсталды

Жамбыл облысында үйір жылқыны ұрлаған барымташы ұсталды

Жамбыл облысында бір үйір жылқыны ұрлап, жартысын сойып сатқан тұрғын ұсталды. Мал ұрлығы Тұрар Рысқұлов ауданының құмды алқабында болған.

44 жастағы күдікті құмды қырда жайылып жүрген қылқұйрықтардың қараусыз екенін байқайды. Сөйтіп өзінің айғырымен келіп, айдап әкеткен. Ол 16 бастың жетеуін сойып, етке өткізіп үлгерген. Сөйтіп мал иесіне 24 млн теңге шығын келтірген.

Айта кетейік, аймақта жыл басталғалы 10 айдың ішінде тіркелген мал ұрлық деректерінің 80%-ы ашылды. Ал соңғы 4 жылда мал ұрлығы 10,5%-ға төмендеген. Жалпы бүгінде өңір шаруаларының қолындағы жылқы саны 204 мың бастан асты.

Бөлісу