Басты Жаңалықтар Халықтық құрылыс: Ең ірі инфрақұрылымдық жоба

Халықтық құрылыс: Ең ірі инфрақұрылымдық жоба

Келер жылы Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналады. Ол үшін Үкімет бұрын-соңды болмаған инфрақұрылымды жаңарту жоспарын әзірлеп жатыр. Ауқымды жобаға қатысты ел тұрғындарының пікірін білген едік.

Павлодар

Екібастұзда 3-ші ГРЭС салынып жатыр. Және қосымша энергоблоктар салынып жатыр. Сонымен қатар Дата орталығы салынып жатыр деген үлкен қуанышты залықөа ақпарат жетіп жатыр. Біз соның бәріне өте қуанамыз. Бүкіл халықтың игілігіне жасалып жатқан дүние.

Қызылорда

Бұны тек құрылыс деп қабылдамау керек. Бұл кезеңде құрылыс материалдарын да қосымша шығару жүзеге асады. Енді қазіргі таңда сарапшылардың айтуынша 80 пайызға жуық құрылыс материалы өз елімізде өндіріледі. Яғни бұл «Халықтық құрылыс» барысында жұмыс істейтін пайдаланатын материалдар да өз елімізді дамитын, яғни кәсіпкерліктің де дамуына үлкен мүмкіндік береді.

Тараз

Бірнеше ауданда ауруханалар қажет етіліп тұр. Облыс орталығындағы балалар жұқпалы ауруханасы қайта соғылуды қажет етіп тұр. Сұранысы халықтың. Осы жобалар алдағы Жолдаудан туындайтын міндеттердің ішіне кіріп, алдағы 2-3 жылда халық игілігіне беріледі деп ойлаймыз.

Шымкент

Маған ерекше ұнаған тұсы ол халықтық құрылыс болды. Яғни осы халықтық құрылыстың негізінде импортты қаржыландырғанна гөрі өзіміздің құрылыстық материалдарды, жабдықтарды дайындауға негізінен бөлінетін қаражат халықты дамытуға, өзіміздің экономикамызды көтеруге ең маңызды бағдарлама деп осыны санадым.

ШҚО

Бүкіл Қазақстанды құрылысқа айналдыру керек дегенде, ол біріншіден біздің халқымызға жұмыс болады. Еңбек ақы болады. Екіншіден жұмыс орындары ашылады. Үшіншіден Қазақстан еліміз алдыңғы қатарлы экономикасы дамыған мәдениеті дамыған елге айналуымыз керек.

Бөлісу