«Әділет» партиясының өкілдері Жолдау міндеттерін талқылады
«Әділет» партиясының өкілдері үш өңірде Жолдау міндеттерін талқылады. Алматы қаласы, Ұлытау және Маңғыстау облыстарындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Алматыда энергетикалық қауіпсіздік, жылу желілерін жаңғырту және коммуналдық инфрақұрылымға заманауи технология енгізу мәселелері көтерілді. Ұлытау облысында цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, жұмыспен қамту және адами капиталды нығайтуға басымдық берілді. «Әділет» партиясы өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер Жолдаудағы басымдықтарды түсіндіріп қана қоймай, өңірлердегі өзекті мәселелер мен еңбек адамдарының ұсыныстарын тікелей талқылауға мүмкіндік береді.
Абзал Марат, «Әділет» партиясы Ақтау қалалық филиалының төрағасы:
Бүгін Ақтау қаласында бірнеше үлкен ұжымда Мемлекет басшысының Жолдауы аясында кездесулер өтті. Біздің тұрғындар жолдауда көтерген негізгі бағыттар халықтық құрылыс, салық және әлеуметтік бағыттағы өзгерістерді қолдайтынын жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы