Павлодар облысына ₸1,2 трлн инвестиция құйылған
Президент Жолдауында тапсырылған өңірлердің дамуына инвестиция тарту бойынша көш бастап тұрған өңірлердің бірі Павлодар. Биыл 1,2 триллион теңге қаржы құйылған. Ендігі жоспар бизнестің әлеуметтік сала алдындағы жауапкершілігін күшейту. Осы ретте жыл басынан бері инвесторлармен ондаған меморандум жасалды. Мәселен «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» Павлодар қаласы мен Мойылды ауылындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға 1 млрд. теңге қаржы бөледі. Шетелдік кәсіпорын бағалы метал өндірумен айналысатын кәсіпорын салып жатыр. Ол жерде 500-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Виталий Неис, инвестор:
Біздің жобамызға жүйелі түрде қолдау бар. Ал, негізі бұл кәсіпорын инженерлік тұрғыдан өте күрделі. Бұл жағынан халықаралық инвестор ретінде Қазақстанда бизнес жүргізуге өте қолайлы жағдай жасалғаны бізге үлкен демеу болып отыр. Сондықтан әлеуметтік салаға көмек көрсетеміз, ең бастысы өндірісті жоспарланған мерзімінде іске қосу міндеті тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы