eGov: Электронды үкіметтің жаңа кезеңі
Биылғы он айда қазақстандықтар 51 миллионнан астам мемлекеттік қызметті онлайн форматта пайдаланған. Оның 32 миллионы eGov Mobile қосымшасына, 18 миллионы eGov.kz порталына тиесілі. Яғни азаматтардың басым көпшілігі смартфон арқылы керегін алған. 2006 жылы іске қосылған eGov.kz порталында бүгінде 15 миллионнан астам қолданушы бар. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызға жуығы интернет арқылы көрсетіледі. Қазір eGov Mobile қосымшасында 1100-ден астам қызмет пен сервис бар. Сондай-ақ жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік сияқты 40 цифрлық құжат енгізілген. Биыл eGov 3.0 платформасына көшу басталды. Жаңа жүйе мемлекеттік қызмет көрсетуді одан сайын жеңілдетуі керек.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03