«Байлық формуласы» кітабы жарық көрді
Ақшаны қалай табуға болады? Қалай жинап, қалай көбейту керек? Ең бастысы, алаяқтардың арбауына түспей, қаржыны қалай қауіпсіз басқаруға болады? Бұл сұрақтардың жауабын енді балалар кітаптан таба алады. «Байлық формуласы» - 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған жаңа туынды. Кітап «Центр Кредит Банкінің» қолдауымен жарық көрді.
«Байлық формуласы» кітабы 15 тараудан тұрады. Мұнда несие, алаяқтық, қаржылық қауіпсіздік, жалақы мен салық, алғашқы ақшаны табу, тіпті білімге инвестиция жасау тақырыптары қамтылған. Ең бастысы - құр теория емес, өмірде қолдануға болатын кеңестер мен практикалық тапсырмалар берілген. Яғни бала ақшаны жұмсауды ғана емес, оны басқаруды үйренеді.
Лаура Байжарасова, «Байлық формуласы» кітабының авторы:
Өйткені мен Бас прокуратурамен көп жұмыс істедім. Дроперлердің, қаржылық тұзақтардың схемаларын көп көрдім. Сол кезде осының алдын алу мақсатында жасөспірімдерді қаржылық сауаттылыққа үйрету мақсатында жазылып шыққан кітап.
«Байлық формуласы» кітабының авторы Лаура Байжарасованың қаржы саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Ал оның туындысының жарық көруіне тікелей «ЦентрКредит Банкі» қолдау көрсеткен.
Гүлжихан Хамитова, «Центркредит» банкінің Астана филиалы директорының орынбасары:
«Тәрбие - тал бесіктен басталады» демекші, кішкентай балаларға, жасөсіпірімдерге кішкентай кезінен бастап қаржылық сауатын ашу үшін осындай туындыларды қолдап, еліміздің кішкентай қаржыгерлерге болашақта қаржысын тиімді пайдалану үшін жасалып жатыр.
«ЦентрКредит Банкі» мұнымен шектелмейді. Қазақ тілінде қаржылық сауатты арттыратын жаңа жобалар мен тың идеяларды қолдауға дайын. Өйткені қаржылық сауат - тек бүгінгі қажеттілік емес, келешек ұрпақтың қауіпсіз әрі сенімді өмір сүруіне салынған инвестиция, дейді банк мамандары.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы