Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ президентінің арнайы өкілдері Путинмен кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Мәскеуге барды. Ресей мен Украина арасында бейбіт келісімнің жасалуына арағайындық танытып  жатқан Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Кремльде президент Владимир Путинмен кездесті. Кейін АҚШ өкілдері Ирландияға аттанып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен жүздеспек.

Нью-Йоркте ғимарат құлап, 5 адам қаза тапты

Нью-Йорктің Бруклин ауданында үш қабатты ғимарат құлап, 5 адам қаза тапты. 17 адам жараланған. Құлаған ғимарат құрылыс алаңында орналасқан. Апат болған сәтте оқиға орнында қазба жұмыстары жүріп жатқан. Үйінді астында адамдар қалып қоюы мүмкін. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Израиль Газа секторындағы ауруханаға соққы берді

Израиль әскерінің Газа секторындағы «Насер» ауруханасына жасаған шабуылынан 6 адам қаза тапты. 28 адам жараланған. Сектордың денсаулық сақтау министрлігі шабуылды сынға алып, халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Израиль болса, «Хамас» тобының мүшелерін нысанаға алғанын мәлімдеп отыр.

Эбола жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты

Конго Демократиялық Республикасында эбола вирусын жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты. Науқастардың жартысына жуығы қайтыс болған. Мамыр айының ортасында тараған вирус елдің 8 провинциясында тіркелген. Оның сирек кездесетін «Бундибугио» штамына қарсы вакцина да, емдейтін дәрі де жоқ.

Бөлісу