Басты Жаңалықтар Субсидияның да сұрауы бар

Субсидияның да сұрауы бар

Шамадан тыс субсидия кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және өзге де саладағы бәсекелестікті бұзып, экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Өйткені  мемлекеттен қомақты қаржы алатын кәсіпорындар басқа компанияларды нарықтан ығыстырады. Экономист-сарапшылардың айтуынша, мұның соңы өнімділікті төмендетуге әрі масылдыққа әкелуі мүмкін. Қаражат ең алдымен ел үшін үлкен маңызға ие әлеуметтік, инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға, жаңа салаларды дамытуға жұмсалуы керек, дейді мамандар.

Алмагүл Өтешова, экономист-сарапшы:

Әрине, кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен жақсы. Алайда шамадан тыс болып кеткен жағдайда кәсіпкерлерде масылдық пайда болады. Себебі ол кәсіпкердің, не жеке секторлардың экономикалық белсенділігін төмендетеді, біріншіден. Екіншіден, ол қай уақытта да үкіметтен, мемлекеттен қандай да бір көмекті қажет етіп тұрады.

Бөлісу