Басты Жаңалықтар Бірыңғай уақыт логистиканы дамытуға ықпал етеді

Бірыңғай уақыт логистиканы дамытуға ықпал етеді

Бірыңғай уақыт белдеуі еліміз үшін экономикалық тұрғыдан тиімді.

Әкімшілік жұмыстарды да жүйелі үйлестіруге мүмкіндік береді. Сарапшылар бұған батыс пен шығыс өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығының болмауы себеп екенін айтады. Одан бөлек, құжат алмасу, банк операциялары мен іскерлік байланыс та бірізді жүреді. Әсіресе, тасымал мен сауда-саттықты тиімді жоспарлауға мүмкіндік мол. Осылайша өңірлер арасындағы экономикалық байланыс нығайып, логистика саласы да жетіле түседі.

Гүлнәр Имашова, Көлік және логистика саласының сарапшысы:

Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі күнтізбелік логистикасына бірқатар оң әсер береді. Атап айтқанда, тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарға жылдам жеткізілуі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Логистиканың дамуы тауар айналымын жеделдетіп, транзиттік әлеуетті, инвестициялық тартымдылықты және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Бөлісу